Біз жобаның басталуы туралы жарияладық

Біз жобаның басталуы туралы жарияладық

Біз жобаның басталуы туралы жарияладық

2187

Әлеуметтік желілерде «ERG шынайы хикаялары» жобасының басталуы туралы жарияланды.

Еуразиялық Топта қандай керемет адамдар жұмыс істейтінін білеміз. Бүкіл әлемде 75 мыңнан астам адам бармыз. Әрқайсысы ерекше адам. Әрқайсысының айтатын хикаясы бар.

Еуразиялық Топ 25 жылдығына орай «ERG шынайы хикаялары» жобасын іске қосуда. Жобаға қатысу үшін сіз өзіңіз немесе әріптесіңіз туралы әңгімеңізді қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде жазыңыз.

Сіздің әңгімеңіз қызықты хобби, ерекше талант, игі іс немесе жеке жетістігіңіз туралы болуы мүмкін. Хаттың көлемі A4 басылған бір беттен аспайды. Хатқа кейіпкердің жақсы сападағы суретін тіркеуді ұмытпаңыз – ол жоба сайтын безендіреді, сондай-ақ оның атын, тегі мен жұмыс орнын көрсетіңіз.

Кейіпкердің әңгімесі мен суретін мына мекен-жайлардың кез келгеніне жіберіңіз: Aliya.Demeisenova@erg.kz, Gulmira.Mathalikova@erg.kz, press@erg.kz, немесе сайттағы арнайы форманы толтырыңыз.

Тағы жаңалықтар