Тоқта! Түсірілді

Тоқта! Түсірілді

Тоқта! Түсірілді

1324

Орындалды! Біз «ERG шынайы хикаялары» конкурсының соңғы кезеңін аяқтадық. Уәде еткендей, бес ролик -  жеңімпаз кейіпкерлеріміздің бес оқиғасын түсірдік. Олардың барлығы компанияның әлеуметтік желілеріне және мұнда, яғни, 25erg.kz сайтына шығарылады.

Естеріңізге сала кетейік, «ERG шынайы хикаялары» конкурсы 2019 жылдың сәуірінде басталып, Топтың 25 жылдығын тойлау аясында өтті. Қызметкерлердің таланттары, хоббиі, қызығушылықтары, жетістіктері туралы жазылған қызықты оқиғалары компанияның барлық кәсіпорындарынан келді.

Қазақстанның әр өңірінен, Африка мен Бразилиядан келген әрбір хатты оқып шығу біз үшін қызықты болды. Біз бір-бірімізбен танысып, ERG компаниясының командасы мықты, талантты екенін және ол өндірістік рекордтарды орнатып қана қоймай, сонымен қатар жақсылық жасай алатын, әлсіз жақтарын жеңіп, тәжірибелерімен бөлісіп, өздерін бақытты ете алатын адамдардан тұратынын түсіндік.

Біз бес оқиғаны түсірдік: мейірімді және мықты әйел Бейбіш Тоқмурзина туралы, тау әуесқойы, ержүрек Елена Маковская жайлы, қажымайтын жігерлі марафоншы Андрей Депцов туралы, барлық стереотиптерді бұзатын Аркадий Губарев жайлы. Тағы бір шағын фильм біздің әріптесіміз - батыл донор Алексей Сычугов туралы болуы керек еді, бірақ, өкінішке орай, белгілі бір себептермен ролик түсірілмеді. Оның орнына біз сіздерді Рудный балаларын тегін жаттықтырып жүрген бірегей тұлға - Сергей Саламахамен таныстырамыз.

Біз барлық қатысушыларды тағы да құттықтаймыз және оларға сәттілік тілейміз. Осы табыстылық оқиғаларымен бөлісіңіздер, өйткені олар бүкіл елге танымал болуға лайықты!

 

Сергей Саламаха: Өмірінің мәніне айналған іс 

Елена Маковская: Әйелдің нәзік күші 

Бейбіш Тоқмырзина: Аялы алақан 

Аркадий Губарев: Ұмтыл, байқап көр! 

Андрей Депцов: Жақсы өмір жолында 

Тағы жаңалықтар