31 мамырға дейін сіздердің «Шынайы хикаяларыңызды» күтеміз

31 мамырға дейін сіздердің «Шынайы хикаяларыңызды» күтеміз

31 мамырға дейін сіздердің «Шынайы хикаяларыңызды» күтеміз

2030

«ERG шынайы хикаялары» жобасына өтінімдерді қабылдау 2019 жылдың 31 мамырында аяқталады. Еуразиялық Топтың әрбір қызметкері өзінің хикаясын конкурсқа жібере алады.

Еуразиялық Топтың қызметкерлерінің үздік хикаяларына арналған конкурс 2019 жылдың наурыз айында басталды. Топтың әлеуметтік желілерінде ERG қызметкерлерінің өмірінен алынған шынайы оқиғаларды күтетініміз туралы жарияланды.

Кез келген адам «Шынайы хикаялардың» кейіпкері бола алады – ол үшін қызықты хоббиі болса, немесе әлемге деген көзқарасыңызды өзгерткен өміріңіздегі ерекше оқиға немесе хикая туралы еске түсіру ғана жеткілікті. Немесе жүрегі кең немесе қолы алтын болғаны үшін барлығы құрмет көрсететін кішіпейіл әріптесіңізді білесіз бе? Осы әңгіменің авторы болыңыз және оны кейіпкер етіңіз.

Әңгімелер қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде қабылданады. Жобаға қатысуға өтінімді жіберу үшін ережелермен танысу және веб-сайттағы сауалнаманы (парақшаның үстіндегі «Қатысу» батырмасы) толтыру жеткілікті.

Біз барлық хикаяларды мұнда, 25erg.kz арнайы веб-сайтына жинаймыз, және Қазақстандағы және шетелдегі ERG кәсіпорындарындағы бүкіл әріптестеріңіз сіз туралы білетін болады. Ал үздік хикаялар «ERG хабаршысы» корпоративтік газетінің арнайы бөліміне енгізіледі және әлеуметтік желілердегі Топтың ресми аккаунттарында жарияланады.

Тағы жаңалықтар