Жобаның финалисттері анықталды

Жобаның финалисттері анықталды

Жобаның финалисттері анықталды

1869

Екі аптаға созылған дауыс беру қорытындысы бойынша «ERG шынайы хикаялары» жобасының қатысушыларының ішінен үздік «ондық» анықталды, қазылар алқасы  олардың арасынан роликтерді түсіру үшін бес хикаяны таңдап алды. Нәтижелер ERG әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарда  жарияланды.

Алты ай ішінде сіз өміріңіздегі ең жарқын оқиғалармен бөлісіп, әріптестеріңіз туралы әңгімелеп және жай өзіңіз туралы жаздыңыз. Әрине, бұл әңгімелердің әрқайсысы ерекше назар аударуға лайық, өйткені олардың бәрі біздің еуразиялықтар туралы!

25erg.kz сайтында екі жарым апта бойы қызу күрес болды. Сонымен, жобаның он жеңіске үміткері:

Рүстем Кураисов, «Қазхром» ТҰК» АҚ

Алексей Сычугов, КБРУ, «Қазақстан алюминийі» АҚ, авторы Наталья Михель

Бейбіт Тоқмурзина, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, авторы Виктория Ляхова

Елена Маковская, «ССКӨБ» АҚ

Аркадий Губарев, «Еуразиялық топ» ЖШС, авторы Гүлбаршын Аханова

Изабель Рамирес, ERG Африка

Андрей Депцов, Ақсу ферроқорытпа зауыты

Мұрат Камитов, «Қазақстан алюминийі» АҚ, авторы Ерболат Жансеитов

Руслан Уразалин, «ССКӨБ» АҚ

Ержігіт Еркінбайұлы, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, авторы Рүстем Құраисов

Осындай көшбасшылардың ондығынан бейне роликтерге экрандау үшін бес оқиғаны таңдау біз үшін қиын болды. Нәтижесінде біз іріктеп, ең жарқын және сюжеті бойынша әр түрлі бес әңгімені таңдадық. Бұл ержүрек донор Алексей Сычуговтың,  мейірімді және мықты әйел Бейбіт Тоқмурзинаның, тауды сүйетін батыл әйел Елена Маковскаяның, қайсар марафоншы Андрей Депцовтың және барлық стереотиптерді бұзған Аркадий Губаревтің шынайы хикаялары.

Осы «ондыққа» кірген барлық кейіпкерлер естелік сыйлықтарға ие болады және «Еуразиялық топ Хабаршысы» беттеріне міндетті түрде шығады, ал дауыс беру көшбасшысы болған Рүстем Құрайсов, сонымен қатар, корпоративтік порталдағы «Сұхбаттасушы» айдарының кейіпкері болады.

Біз жобаның барлық қатысушыларына шынайы әңгімелері үшін тағы бір мәрте алғыс айтамыз! Біздің ERG қандай ерекше адамдардан тұратынына біз тағы да көз жеткіздік. Жоба мұнымен аяқталмайды, өйткені біздің осы шынайы хикаяларымыз туралы бүкіл ел білгенін барлығымыз қалаймыз.

Тағы жаңалықтар