Төрежан Әліпов

Төрежан Әліпов


Кәсіпорын: «Шұбаркөл Көмір» АҚ

Қызмет: ТҚжЖ сенімділік бөлімінің диагностика жөніндегі инженері

2184

Супермен үшін сынақ

Адам еріксіз батырға айналады деп айтады – кімнің адамгершілігі мен күшін сынау керек екенін өмір өзі таңдайды. Сол сияқты бірде Төрежан Әліпов те тағдырдың қалауымен қарапайым өмір жағдайында ерлік көрсетті.

Төрежан 2010 жылдан бері «Шұбаркөл Көмір» АҚ-да жұмыс істейді. Ол тау-кен учаскесінің электр слесарінен бастап, жақсы мансап жолын өтті. Қазір ол «Идеялар фабрикасы» жобасына белсенді қатысады және оның бір ұсынысы енгізуге қабылданды. Оның өмірінде бір оқиға болды: сонау 2013 жылы ол жергілікті «Новый Вестник» газетінің кейіпкері атанды және сондағы қысқартылған жарияланымды бізге конкурсқа жіберді.

2013 жылдың жазында 79 жастағы Зинаида Федорова үйреншікті жолымен азық-түлік дүкеніне бара жатты. Жылу магистралінің құбырларының үстінен көтерілген солқылдақ темір баспалдақтан өтіп, дүкенге жетіп, азық-түлік сатып алды. Сөмкесі ауырлады.

— Мен сәкіде отыр едім. Жанымыздан дорбасы мен таяғы бар әже өтіп бара жатты. Ол маған кіреберіске дейін апаруымды өтінді », - дейді Төрежан Әліпов. – Әрине мен бас тартқан жоқпын. Біз жайлап баспалдаққа қарай жүрдік. Кенет артымнан қозғалысты сездім. Бұрылып қарасам бізге қарай көлік келе жатқанын көрдім. Басында мен жүргізуші кері бұрылып жатқан болар деп ойладым. Ол бізге назар аударсын деп айғайлап, ысқыра бастадым. Көлік тоқтамады және бізді қағып кетті. Әже өте нашар жүреді, біз қашып үлгермедік.

Зинаида Васильевна доңғалақтың астында қалды. Төрежан «Пассат» көлігінің жүк салғышын денесімен тіреп жүргізушіге айқайлады. Жауап болмады. Ол көліктің ішін қарады, салонында ешкім жоқ. Төрежан айқайлап көмекке шақырды, бірақ жақын маңда ересектер болмады. Көліктің айналасына кішкентай балалар жиналды. Бес-алты жасар ұлдар Төрежанмен бірге көлікті итере бастады.

— Өте ауыр болды, — дейді Төрежан. – Әже «Пассат» көлігінің артқы доңғалақтарының арасында төмен қарап жатты. Мен ұлдармен бірге итеріп болуға қалғанда бір әйел келіп біз әйтеуір әжені босаттық.

Төрежан «Пассат» көлігін ұстап тұрғанда, балалар бірнеше кірпіш әкеліп, көлікті тоқтату үшін дөңгелектердің астына қойды.

Зинаида Васильевнаның жіліншігі жыртылып, шынтақтары мен тізелерін жырылды. Ол орнынан тұра алмай, асфальтта жатты. Төрежан Әліпов жедел жәрдем мен полиция шақырды. Дәрігерлер келіп әйелді ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер зейнеткерге бірнеше тігіс салды, әйтеуір барлығы ойдағыдай болды.

— Рахмет, әрине, бұл балаға. Егер ол болмаса, біздің әжеміз басылып қалатын еді», - дейді Зинаида Федорованың келіні Валентина Латифуллина. — Біз оған қалай ризашылығымызды білдірсек болады деп ойладық. Осындай жақсы жігіттер әлі де бар деп газетке жазсын. Ол нағыз азамат - біздің заманымыздың батыры! Оған алғысымызды білдіреміз!