Суат Солтаниманов

Суат Солтаниманов


Кәсіпорын: «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ

Қызмет: Түсті металдарды құюшы Күндізгі ауысымның бригадирі

2027

«Музыка – менің алданышым»

Суат Солтаниманов, КЭЗ-дың құю кәсіпорнының бригадирі, қарапайым оқиғасы бар қарапайым жігіт. Ол ешқашан атақ пен байлық қумаған, бәрінен күшті болуға тырыспаған. Ол жай ғана өмір сүруде. Өмір сүреді және күн сайын өз бақытын жақсы көңіл-күймен, қамқорлықпен, махаббатпен, өзара түсіністікпен және... әнмен жылытады. Достардың үйлену тойында «жар-жар» болсын немесе зауыттық мерекеде ERG әнұраны болсын, не балаларға бесік жыры болсын - маңызды емес. Ол қандай ән айтпасын, оның жаны бірден жай табады. Өйткені музыка - оның алданышы.

Суат бала кезінен ән айтады. Бес жасар бала кезінде үлкен ағаш кесіндісіне шығып, көрші балалар үшін жеке концерттер ұйымдастырды. Сол кезде танымал болған Юрий Антоновтың «Над крышей дома твоего» деген әнін шырқап, көрермендер оған қошемет көрсететін.

Бала қызығушылығы сүйікті хоббиіне айналды. Суат көптеген жылдардан бері бос уақытында мейрамханаларда ән шырқайды, тіпті кейде іс-шаралар жүргізеді,бірақ тек өз достары үшін.

– Бұл жер - менің отбасымды асырауға, балаларды өсіруге мүмкіндік беретін негізгі жұмысым, - дейді ол зауыттағы жұмысы туралы. – Ал менің шығармашылығым - онсыз өмір сүре алмайтын дүние.

Суат зауытқа сегіз жыл бұрын келіп, алюминий электролизі цехына түсті металдар құюшы болып жұмысқа орналасты. Мұнда ұжым тату, әрдайым мерекелерде ұйымдастыратын өздерінің көңілді шағын корпоративтерімен танымал. Осындай іс-шаралардың бірінде кейіпкеріміздің талантын байқадық. Содан бері бірде-бір зауыттық іс-шара оның қатысуынсыз өтпейді. Ал 2015 жылдан бастап ол электролиз және алюминий зауыттарының қызметкерлерінен тұратын музыкалық ұжымның құрамына кірген кезде Суат облыстық және топтық салтанаттарда да өнер көрсете бастады.

Ол - жақсы актер, әнді әдемі айтады және аспаптарда ойнайды. Айта кету керек, үш аспапта, пианинода, гитарада және домбырада ойнай біледі. Музыкаға деген махаббат оның қанында бар – Суаттың отбасында бәрі әртістік қабілетке ие.

- Әкем баянда ойнап, АХАЖ-да жұмыс істеді, үйлену тойы маршын орындады. Әжем домбырада ойнай білетін, ал анам әнді жақсы айтады, – дейді металлург.

Суаттың балаларының да шығармашылыққа жақын болуы таңқаларлық емес. Бір қызы әнді керемет айтады, екіншісі би билейді. Кейіпкеріміздің айтуынша, оның арман-тілегі – ханшайымдары үшін бірлескен номер жасау. Екі қызының сахнада қалай өнер көрсеткенін көргісі келеді.

– Мен көп армандаймын, мақсат қоямын, оларды елестетемін, - дейді Суат. - Болашақта коттеджде өмір сүргім келеді, балаларым мен әйелімді тасымалдау үшін көлік алғым келеді. Олар – менің байлығым. Әр жолы, жұмыстан үйге оралғанда, олар алдымнан жүгіріп шығып, мені қарсы алады. Қуанады, құшақтайды, сүйеді. Мұндай сәттерде не үшін өмір сүріп жатқаныңды түсінесің.

Қазір ол жұбайы Гүлзамирамен бірге бес бала тәрбиелеп отыр. Оларға ең жақсы қасиеттерді үйретуге тырысады. Әсіресе, өзара құрмет пен қолдау.

- Замира мені қатты қолдайды. Және бұл маған өте көмектеседі. Менің балаларым осындай қолдаудың қаншалықты маңызды екенін білгенін қалаймын. Және бір-бірі үшін сүйеу болғанын тілеймін, - деп атап өтті Суат.

Өмірлік қиындықтарға қарамастан, ол әрқашан жақсы көңіл-күйде жүреді. Оны білетін кез келген адам растайды. Құпиясы неде? Тек Суат сенімді: орын алған дүниенің бәрін жақсылыққа жору керек:

- Ал, сенің рухың түсті делік, одан не түседі? Бұдан кімге жақсы? Тек өзіңе жаман болады. Менің ойымша, жай ғана әрекет ету, өз мәселелеріңді шешу қажет. Ал дұрысы, бұл проблемалар мүлдем болмайтындай өмір сүрген дұрыс.

Және тағы - ән көмектеседі. Біреулерге жеңілдеу үшін сөйлеу керек, ал Суатқа ән айту жеткілікті. Осылайша барлық эмоциялары шығады.

 

Хикаяны жолдаған: Аида ЕСМАҒАМБЕТОВА