Самал Аманжол

Самал Аманжол


Кәсіпорын: Қазақстандық электролиз зауыты

Қызмет: Өндірісті және байланысты автоматтандыру цехын жөндеу және сынау жөніндегі инженер

1135

Стереотиптерге қарамастан

Жас кезінен бастап ширақ және қолды- аяққа тұрмайтын Самал өз құрдастарынан ерекшеленді. Барлық қыздар қуыршақтар мен қызы- анасы болып ойнап жүрген кезде, ол дзюдомен айналысып, футбол алаңында ұлдармен жүретін.

Өсе келе оның мүдделері өзгерген жоқ, тек үлкен амбициялармен және мүмкіндіктермен нығайтылды. Ол футбол ойнағысы келді. Бірақ бұл әйел ісі емес деген стереотиптер әлі де өзін тізгіндеп ұстауға мәжбүр етті.

Ол зауытқа жұмыс істеуге келген кезде көз алдына қатаң өндіріс, станоктар, жабдықтар, күнде қайталанып жасалатын жұмыстар елестейтін. Қандай да бір қоғамдық өмір, іс-шаралар, жарыстар туралы ой да болмады. Бірақ, ол шағын футболдан әйелдер құрамасы туралы білгенде, барлығы бір сәтте өзгерді. Әрине, Самал командаға жазылып, содан бері бірде-бір жаттығуды бос өткізбейді.

Олар аптасына екі рет өтеді. Бұл жерде ерлер құрамасы сияқты, барлығы қатаң түрде - кез келген ойыншының кешігуі үшін барлық команда жауап береді. Ал жазасын жаттықтырушы анықтайды. Әдетте бұл қосымша жүктеме.

– Осылайша біздің жаттықтырушы командалық рух қалыптастырды, - дейді Самал. – Меніңше, біз анағұрлым ертерек команда болып қалыптастық. Біз достасып кеткеніміз сондай - енді біз нағыз отбасымыз. Барлық мерекелер мен туған күндеріміз бірге, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, көмектесеміз.

Самал өте мейірімді және ашық адам, әрқашан күлімсіреп жүреді, егер қажет болса, көмекке келеді. Ол «істей алмаймын» деген сөз тіркесінің жоқ, «істегім келмейді» деген сөз тіркесінің бар екеніне сенімді. Бұл - оның басты мотивациясы, ол әрекетке түрткі береді. Ал бір нәрсеге қатысудан бас тартуға немесе өтінішті орындамауға әрдайым мыңдаған себеп табылады.

Самалдың жұмысында және өмірінде жүріс-тұрысы осындай. Ол барлық жаңа істерге сенімді және оңай кіріседі, әрқашан жаңалықтарға дайын. Оның дәлелі – Қазақстандық электролиз зауытының әйелдер арасындағы 2019 Еуразиялық ойындарда жүгіруден құрама сапында кезекті екі қола медаль, «Эмеральд» зауыттық би ұжымына қатысу, сондай-ақ тұрақты волонтерлік қызмет.

ҚЭЗ-да Самалда өндірісті және байланысты автоматтандыру цехында жөндеу және сынау жөніндегі инженер болып жұмыс істейді.Оның айтуынша, байланысшы болуға оны Ұлы Отан соғысы кезіндегі сарбаздардың ерліктері шабыттандырған. Өзінің «әйел емес» құмарлығына қарамастан, Самал өзінің әйел бақытын табуды, сондай-ақ өзін кәсіби тұрғыда жүзеге асыруды және мансаптық сатымен жоғары көтерілуді армандайды.

Самал қиындықтардан қорықпайды және бас тартуларды түсінбейді. Өйткені ол мүмкін емес ештеңе жоқ екеніне сенімді.

Хикаяны жолдаған: Алтынай ИБРАЕВА