Руслан Уразалин
Кәсіпорын: "ССКӨБ" АҚ, Шекемтас өндіру фабрикасының (ШӨФ)
Қызмет: Техникалық бөлім бастығының орынбасары
Жұмыс тәжірибесі: 8 жыл
3263
Сөз бердің бе - орында!
Танысыңыз: сөзіне берік адам-Руслан Уразалин. Бала кезінен бастап мақсаткерлік-оның басты қасиеті. Бір жыл бұрын Русланның салмағы 135 кг болған. ERG жастар слетінің тұлғалық өсу бойынша тренингіне қатысқаннан кейін ол салмақ түсіруге уәде берді. Айтылды-істелді. Бүгінгі таңда міне … минус 45 кг.
Русланның артық салмағына көп отыруды талап ететін қызмет мен аз қозғалысты өмір салты алып келді. 30 жасар Русланды гипертония мен жүргенде кезде демікпе қинады. Спортпен айналу туралы азамат ойлаған да жоқ: оған артық салмақ мүмкіндік бермеді. Сүйікті спорт түрі футбол-тек теледидарда. Ол өмір салтын өзгерту керек екенін түсінді, бірақ бұл тек ой болып қала берді. Өзгерісті кезең өткен жылы ERG жастар слетіне қатысқан кезде басталды. Тұлғалық өсу тренингтері оған қатты әсер етті Больше. Олар жас маманның өмірге деген көзқарасын өзгертті.
Нәтижесінде – Топ басшылығының және үш жүз әріптестерінің қатысуымен Руслан өзін-өзі жетілдіру жобасына қатысуға ниет білдірді. Сөз бердің бе – орында. Дәл осы факт қиын сәттерде басты стимул болды: егер сөзіңді ұстай алмасаң, адамдардың көзіне қалай қарайсың.
Мақсатқа бірте-бірте өзі дайындаған жүйе бойынша жүрді. Сіңімді, құнарлы таңғы ас, кешкі асқа бір алма және шексіз мөлшерде су. Осылай аптасына бес күн, демалыс күндері қарапайым ас ішу тәртібі. Сүйікті тағамы кәуап естен кетпеді. Жеке тамақтануына деген осындай жеке тәсілдемеде килограмдар кете бастады. Әрбір кг тастаған сайын Руслан өзін жеңіл сезіне бастады және ол футбол, волейболдан жаттығулар қосты. Қалпына келді және ССКӨБ қызметкерлері арасында қысқы Спартакиадаға қатысты. Нәтижесінде ол шекемтастар өндірісі фабрикасының «Үздік ойыншысы» атанды.
Өткен жылы Русланның салмағы 135 кг болған. Минус 45 кг! Бүгінде оның салмағы 1м 86см бойға 90 кг. Қол жеткізген жетістікте тоқтайтын ойы жоқ, ендігі мақсаты – 85 кг.
Әйел мен балалары отағасын қолдап отыр. Үй мәзірінде қуырылған және ысталған тағамдар аз да, пісірілген және көмештелген тағамдар көп. Футболдан аптасына үш рет жаттығулар, енді сүйікті спорт түрі – теледидардан көру емес, өмірдің шынайылығы.
Минус 45 кг – және өмір түбегейлі өзгереді. Бұған Руслан Оразалин өзінің жеке мысалында көз жеткізді. Ең бастысы – мақсатты көру, мүмкіндіктерді пайдалану және берілмеу.