Кирилл Сальников

Кирилл Сальников


Кәсіпорын: Қазақстан электролиз зауыты

Қызмет: Ақпараттық технологиялар бөлімінің жүйе технигі-инженері

1825

Менің музыкалық Олимпім

Сәлем! Менің атым Кирилл, жасым 24-те.

Сіздерге өзімнің музыкалық тарихымды айтып берейін. Бәрі де балалық шағымыздан шығады деп текке айтылмаған: менің ағам әрқашан рок-музыканы тыңдайтын, үйде үнемі Nirvana, Metallica, Sodom және т. б. музыкалар ойнап тұратын. Мүмкін сондықтан да әжем сыйлаған плейерімде әртүрлі рок-топтардың кассеталары жиі ойнаған болатын.

Уақыт өте келе кәсіби музыканттармен «ойнай» бастадым. Бір күні теледидардан Metallica концерті көрсетілді, маған Ларс Ульрих тобы барабаншысының ойнағаны қатты ұнады. Мені оның стилі таң қалдырды, сол сияқты барабанда драйвпен ойнағым келіп кетті. Сондықтан барабан таяқшаларын жасап, жанымда орындықтарды қойып, Metallica әндерімен "соға" бастадым. Өте керемет болып шықты.

 Осылайша мен барабандарда ойнауды үйреніп алдым және Metallica әндерін ғана емес, басқа да топтардың әндерін де орындадым. Тіпті бір жыл бойы павлодарлық топтардың бірінде ойнадым.

Бірақ менің шынайы құмарлығым – гитара. Ал мені әрдайым «Кино» тобының көшбасшысы Виктор Цой шабыттандырды. 16 жасымда алғашқы гитарам пайда болды, мен музыка мектебінде оқи бастадым. Бірақ сабақ қиын болғандықтан, кетіп, ноталарды өз бетінше меңгеруге тура келді. Және білесіз бе, менде шықты!

2013 жылы мен өз тобымды құру туралы ойлай бастадым. Балалармен таныстым және Nevermind командасы осылайша пайда болды. Бұл өте көңілді кезеңдер болды! Біз жергілікті концерттерде өнер көрсеттік, тіпті көрші Омбы қаласына бардық. Бірнеше жыл ішінде топ атауын бірнеше рет өзгерттік, құрамы да өзгерді, ал 2017 жылы біз бірінші "Мир" альбомын шығардық. 2018 жылы біздің екінші "Война новых людей" альбомымыз шықты, ал сол жылдың жазында өзіміздің жанкүйерлеріміз үшін үшінші – «Исход» альбомын шығардық. Қазақстан мен Ресей қалаларына гастрольмен баруды жоспарлап отырмыз.