Мария Хан

Мария Хан


Қала:

Кәсіпорын:

Қызмет:

2092

Жақсылап қараңыз, бұл әлем сізді жақсы көреді

Мен сіздерге бөгде адамның, оқытушының әрекеті менің өмір жолымды табуға, мамандық алуға, әріптестерімнің құрметіне бөленуге және сүйікті ісімді табуға көмектескені туралы әңгімелеп берейін.

Мен Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Экономика және менеджмент» факультетінің 2 курсында оқып жүрдім. Бір күні оқытушы маған келіп, мені факультет деканынан  сұрап алғанын және мен тез арада техникалық мамандықтар арасындағы жоғары математика пәнінен олимпиадаға баруым керек екенін айтты. Шынымды айтсам, мен таң қалдым: 20 минуттан кейін басталады, ал менің келісімімді ешкім сұраған да жоқ, және осындай сынаққа мен дайын емес болатынмын. Бірақ мен бардым! Басымда білімім бар, және кенеттен қызығушылығым да оянды: «Мен математикада қаншалықты күштімін?» деп өзіме сұрақ қойдым.

Және білесіздер ме, мен сол олимпиаданы жеңіп алдым! Біздің университетіміздің экономика кафедрасының тарихында алғаш рет экономист қыз жоғары математикадан техникалық жарысты жеңіп алды.

Міне 4 курс та келді. Мен Олимпиададағы жеңісім туралы ұмытып кеткен болатынмын, ал факультет деканы есіне  сақтап қалған екен. Біздің жоғары оқу  орнында өтетін бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде ол «Қазмарганец» Кен басқармасының қызметкерлерді басқару бөлімінің бастығына мен туралы  айтып берген. Бірақ сол кезде Кен басқармасының өкілі олар жұмыс істейтін және өскісі келетін жұмысшы мамандықтарының балаларын іздейтінін, оларға экономистер қажет емес екендігін айтады. «Оның есімін есіңізде сақтаңыз, бұл қыз - олимпиада жеңімпазы, оның түйіндемесін алыңыз»,  - деп атап өтті декан.

Мен бос орындар жәрмеңкесі туралы ұмытып кеткенмін, бірақ бір күні маған қоңырау келді:

- Қайырлы күн! Сіз жоғары математика бойынша олимпиаданың жеңімпазы боласыз ба?

- Ия, мен дұрыс.

- Біз сізді жұмысқа шақырамыз.

Сондықтан жұмыс іздеуге мен бір күн де уақытымды өткізген емеспін. Сол телефон арқылы әңгімелесуден кейін жеті жыл өтті, ал мен әлі де сол Кен басқармасында жұмыс істеймін. Қосымша цех бөлімінің қарапайым экономисті лауазымынан  бастадым, ал қазіргі күні  «Қазхром» ТҰК» АҚ әлеуметтік мәселелер басқарманың  жиынтық сыйақы жөніндегі менеджеріне дейін көтерілдім.

Менің хикаям - бұл барлық адамдарға  біздің өмірімізде әрқашан  керемет сәттілік пен таңғаларлық ғажайыптарға орын бар екенін еске салу. Тек ешқашан қорықпау керек, өзіңе сену керек, күте білу керек және сенімді жоғалтпау қажет.