Рустем Кураисов

Рустем Кураисов


Кәсіпорын: «Қазхром» ТҰК» АҚ

Қызмет: Ұйымдық дизайн бойынша сарапшы

4684

Осы сәтте өмір сүру

Менде өмірімнің бірде бір сәтін бос өткізбеу деген темірдей бір қағидам бар. Әр күнімді өзім, отбасым, достарым мен әріптестерім үшін пайдалы өткізу. Сөйтіп, мен ERG III иноваторлар форумында жұбайым Айгүлмен бірге халықты латын әліпбиіне және жазбаға оқыту бойынша жобаны ұсындым.

Кабинет 17 мен 50 жас аралығындағы тұрғындармен жұмыс істейтін болады деп жоспарланды. Менің ойымша, екі жыл ішінде біздің Ақтөбеміздің көп бөлігін оқытуға болады. Бірақ әзірге біздің жоба қаржыландыруды таппады.

Жұбайым екеуміз бұған қапа болған жоқпыз. Осы жылы Айгүл, ол да АқтЗФ қызметкері, өз әріптестерімен "ERG қаласы" конкурсына Ақжар-2 ауылдық округіндегі күреспен айналысуға арналған спорт мектебінің құрылысы бойынша жобаны ұсынды. Мен жұбайымның командасының жеңіске жеткеніне және Ажарда спорт мектебінің құрылысы қайта басталатынына қуаныштымын. 

Менің ұстанымым – осы сәтте өмір сүру. Сондықтан мен бүгін істеуге болатын ісімді ертеңге ешқашан қалдырмаймын.  Бірде мен мешіттің қасынан өтіп бара жатып, өзім үшін Құранды оқығым келетінімді түсіндім. Алдымен киелі кітапты орыс тілінде оқыдым. Содан кейін жұмыспен қатар облыстық мешітте араб әліпбиін оқыту курстарында оқыдым. Кейін мен Құранды араб тілінде оқи алатын болдым. Бірнеше рет сүрелерді мәнерлеп оқу сайысына да қатыстым.

Тағдыр маған дамуға және басқа кәсіпорындардағы әріптестеріммен танысуға мүмкіндік беретін Еуразиялық Топтың көптеген іс-шараларына қатысуға мүмкіндік бергеніне қуаныштымын. Мен көркем байқаудан өзімді сынап көрдім, ERG командалық жазына елордаға келдім, жастар ғылыми-техникалық конференциясының, ERG иноваторлар форумының, Алматы Марафон-2019 қатысушысы болдым.

Менің балаларым Нұрсұлтан мен Айша осындай белсенді болады және өз өмірлерін қызықты әрі пайдалы етуге ұмтылады деп үміттенемін.