Елена Маковская

Елена Маковская


Кәсіпорын: «ССКӨ» АҚ ЖЭО

Қызмет: Бухгалтерлік бюросының бастығы

4776

Жоғары, арманға қарай!

Барлығы өте қарапайым басталды. 2014 жылдың қыркүйек айында 14 турист пен бір гид бірге Чусовая өзенімен 7 күндік жүзуден. Керемет демалыс болған соң тағы да қайталамақ болдым, бірақ бұл жолы мен мақсатты күрделендіруге бел будым, себебі адреналин мөлшерін көбейткім келді. 2015 жылы тур таптым, Жоғарғы және Орта Катуньде жүзу (4-5 күрделілік санатындағы табалдырықтан өту). Алтай табиғатының сұлулығын көру, Белуханың етегіне жаяу жорыққа бару -бұл сол сәттегі менің қозғаушы күшім еді. Мен ойлағанды іске асырдым. Белухи тауының сұлулығы мен оны қоршаған орта мені таңғалдырды. Алдымда ашылған әсемдікке қарап, түсінгенім: мен міндетті түрде тағы да қайта ораламын, тау мені жай жібермейді.

Дайындық үйде көптеген әдебиеттерді оқумен басталды. Болашақ жорықтың күрделілік дәрежесі жоғары болды. Осы маңызды оқиғаға әзірленген жоспарды жүзеге асыру кезең-кезеңмен болды. 2017 жылдың маусымы – Эльбрустың Шығыс шыңы (биіктігі –5621 метр) бағындырдым, 2018 жылдың тамызында Грузия жағынан Қазбек тауының шыңына (биіктігі 5033 метр) көтерілу жүзеге асты.

2018 жылдың қыркүйегінен бастап Белухаға көтерілу үшін күшейтілген дене дайындығы басталды. Өзмнің төзімділігімді қосымша тексеру үшін 2018 жылдың қараша айында қысқы шатырда тұрумен Конжаковский тасына (Орал) шығу мен 2019 жылдың мамырында Усьва өзенінде жүзу жүзеге асырылды.

Міне, көптен күткен сапар уақыты да келді.

Биыл Сібірдің ең биік шыңына көтерілгісі келетіндер көп жиналды. Бізден 27 адам және 6 нұсқаушыдан құралған команда жиналды. Экспедицияның соңғы құрамында 33 адам болды, топтарға бөлініп, аралықтармен жүрдік. Алда тату, бір мақсаты үшін біріккен компанияда 12 ұмытылмас күн өткізу күтіп тұрды. Шығатын жер – Барнауыл. Осы жерден Тюнгурға бару және туристік базаға қоныстану. Келесі күні таңертең мен 17 адамнан құралған команда құрамында 16 шақырымнан өтіп, Текелі сарқырамасына дейін жүріп өттім. Әрі қарай Ақкем көлі (биіктігі 2050 метр), Ақкем көлі мұздығы. Бұл учаскеде үлкен тас — құрылықта теңгеруге тура келді. Мұздықтың өзіне шығу. Онда жүру оңайырақ: ол жайпақ, сонымен қатар кішкентай тастардан құралған қалың кілеммен көмкерілген. Томск тұрақтарына дейін қатты қираған беткейден тік өрді еңсеру ғана қалады.

Жол бойы ауа райы тосын сый жасады. Күн күркіре, нөсер, жеңіл аяз және жарқын күн – экстрим әуесқойлары табиғаттың барлық қиындықтарын бастан кешті. Физикалық тұрғыдан да, психологиялық тұрғыдан да қиын. Әрбір күн қызықты, әрі есте қалатындай болды. Барлық саяхатшыларды біріктірген мақсат – Белуха шыңына жорықтың жетінші күнінде жеттік. Соған толығырақ тоқтағым келеді.

Кеш бойы күн күркіреп, жаңбыр жауады. Бірақ түнге қарай мінсіз ауа райы орнады: жеңіл аяз, жұлдызды аспан және желдің толық болмауы. Тек ай ғана жетпеді – онсыз түн өте қараңғы болды. Жылдам таңғы ас ішіп, белгіленген уақытта құзға өрмелеушілердің алты байламы шыңға қарай көтерілді. Бағыт бізді үлкен мұз лабиринтіне шығарады, жота көрініп те қалды – ол жақын! Онда, тіпті жіпті шешіп, артымыздан келе жатқан байламдар демала алатын үлкен алаң бар. Сол мезетте біз 80 метрлік тік қарлы-мұзды беткейге шабуылдадық. Міне ол, көптен күткен Белухи шыңы (биіктігі 4509 метр)!

Құс ұшатын биіктіктен көрінген көрініс керемет! Осы көрініс саяхат кезінде кездесетін барлық қиындықтарды бастан өткізуге тұрарлық! Жеті көл аңғары – жердегі жұмақ. Тоғызыншы күні біз сонда жеттік. Төмен түскен бұлт алдымен барлық төңіректі көзден таса етті, бірақ түске қарай айналада көркем шатқалдар, сарқырамалар, мұздықтар мен көлдер көріне бастады. Айналаңа қараған сайын көз тоймайды.

Осы оқиғалар кезеңіндегі ең қайғылы күн – кететін күні. Жорық көзді ашып жұмғанша өте шықты, бірақ сонымен қатар бізді ұзақ уақыт жылытатын көптеген жарқын әсер қалдырды. Бес жыл бұрын мен алғаш рет туризмге барып көрдім және өкінбеймін. Менің үлкен 25 жасар ұлым бар, мен белгілі бір кәсіби шыңдарға қол жеткіздім, бірақ ең бастысы, мен өз өмірімнің арманын жүзеге асырдым. Және мұнымен тоқтап қалмаймын. Келесі жылы Памир тауының бірін, дәлірек айтқанда Ленин шыңын биіктігі 7134 метр), бағындырғым келеді. Баағыттардағы жаңа кездесулерге дейін, достарым менің!