Дархан Қойшыбек
Кәсіпорын: «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ
Қызмет: Техникалық қызмет көрсету және жөндеу департаментінің жоспарлау жөніндегі басқармасының механикалық жөндеу және ғимараттар мен құрылыстар бөлімінің жоспарлау жөніндегі инженері
2126
Бақ біздің жағымызда
Көрмей - білмейсің дейді, бұл рас екен. Мен өзімнің күтпеген сәттілік туралы шағын әңгімемді айтып берейін.
2002 жылы жасөспірім болғандықтан, мен бұл сөздердің мағынасын аз түсіндім. Мен Павлодар облысы Ақсу қаласында дүниеге келдім, ал біз отбасымызбен бірге Үштерек ауылында тұрдық. Ауылда өмір тыныш болмайды, жерүсті үйде әрқашан жұмыс бар: біреуін аяқтасаң, басқасына кірісесің. Әрине, ойын-сауыққа да уақыт табатынбыз. Сол кезде әртүрлі ойын –сауық шоулар өте танымал болды, бірақ әсіресе бір бағдарлама қызықты болды – «ТВ Бинго», ол әр жексенбі күні сағат 19:00 көрсетілді. Шынымды айтсам, үйде қандай істермен айналыссам да, бір рет болсын оны өткізіп алғаным есімде жоқ, мен әрқашан барлығын тастап, ойнауға отыратынмын. Ал «ТВ Бинго» бағдарламасында белгілі бір ақша сомасы, автомобильдер және түрлі сыйлықтар ойнатылды.
Біздің отбасы төрт адамнан тұрады: бұл Анам, әкем, ағам және мен. Біз бұл лотоны бүкіл отбасымызбен ойнауды өте жақсы көрдік, және бұл бағдарлама эфирде пайда болған уақыттан бері ұзақ уақыт ойнадық. Ойынның барлық уақытында біз тек жұбаныш сыйлықтарын жеңіп алатынбыз және әрқашан емес.
2002 жылы жаңа жыл қарсаңында әкем Павлодар қаласындағы дүкендердің бірінде қайтарым ақшаға 4 билет сатып алды, ал кешке, әдеттегідей біз ойнауға отырдық. Ойынның өзі 3 кезеңде өтеді: алдымен тұрмыстық техника ойнатылады, одан кейін негізгі ойын-бұл ақшалай сыйлықтар және олардың арасында автомобильдер ойнатылады. Егер ойын ережелерін білетіндер болса, лототроннан шығатын барлық шарлар билет нөміріне сәйкес келуі тиіс. Міне, мен шарларды бақылап отырсам, мұнда бірінші шығады, ол менің билеттімнің нөмірімен сәйкес келеді, және де барлық 8 шар. Ұтыс билеті Ленинскіден екенін көрсетті. Алдымен мен мұны түсінбедім, кейінірек осы билеттерді сатқан адам Ленин ауылында тіркелгені белгілі болды. Менің 3 шар қалған кез жақсы есімде, барлық сәйкес билеттер Павлодар облысынан шықты, ал ойнатылған Skoda Octavia classic маркалы автокөлігі еді. Әрине, мен бірден сенбедім, отбасымда сенбеді. Келесі күні әкем ағасымен бірге тексеруге барып келді, және менің автокөлікті жеңіп алғаным нақты екен!
Көп ұзамай әкем ағасымен бірге Алматыға келіп, автокөлікті айдап кетті. Мен оны туған үйдің ауласында көрген кезде сезімдер түсініксіз болды. Мен тағдырдың осындай сыйлығына өте қуанышты болдым. Тек жеңіске жетуіме ғана емес, бұл менің алғашқы көлігім болды.
Қорытындылай келе шағын кеңес бергім келеді: ұтып алу үшін, көп лотерея билеттерін сатып алудың қажеті жоқ, ең бастысы сіз ұтып алатыныңызға сену керек!