ЕКАТЕРИНА ПОХОРУКОВА

ЕКАТЕРИНА ПОХОРУКОВА


Кәсіпорын: «Еуразиялық Топ» ЖШС өткізу және көліктік логистика жөніндегі директорат

Қызмет: Сату және бағаны қалыптастыру жөніндегі талдаушы

1863

Жүректің қалауы бойынша өмір сүру бақыты

Мектепте оқыған жылдары, мен әлемнің құрылысы туралы, адам жанының тереңдігі туралы ойлауды өте жақсы көрдім. Маған өзімнің сезімдерім мен сырларымды шығармалар мен өлең шумақтарына айналдыру өте қатты ұнайтын.

Менің мақтанышым жергілікті газеттегі өлең шумақтарымның жариялануы болды. Менің есебімде тіпті Қазақстан туралы патриоттық поэмасы да болды, бірақ өкінішке орайда бұл поэма жоғалған.

Өмір бір орында тұрмайды. Және біз, онымен бірге алға басуымыз және дамуымыз керек. Және бір уақытта, мен, құрдастарымның менің шығармашылығыма деген сын айтуына төзімділік «емтиханын» тапсыра алмадым.

Мен, «сұранысқа ие кәсіп» жолын таңдау шешімін қабылдап, өз дарынымды қалдырып, ізін де жойып жібердім.

Сол уақытта өз-өзімді жоғалтып алудың қалай ауыр болатынын білгенімде ғой. Және өзіңді қайта табу өте қиын. Өз-өзімізді жақсы түсінбесек және өз қажеттіліктерімізге мән бермейтін болсақ, әлемнің ауыр «тепкісін» алуға болады.

Менің есімде өмірімнің бұрылыс шегі болған «соңғы тапшысы» мәңгі қалатын болады: саябақтағы орындықтағы еңіреп жылағаным және қалай да болса өз өмірімді өзгерту шешімі.

Оқушы есейді. Және Оқытушы пайда болды. Мен өз-өзімді дамытумен белсенді шұғылдана бастадым. Шын мәнінде, ешқандай кедергісі жоқ және бүкіл әлем сенің алдыңда болып көрінген жылдары өте жақсы көргеніме қайта оралдым. Мен әлемнің құрылысын және адам өмірінің барлық тереңдіктерін зерттеуге қайта кірістім.

Менің өмірім өте қатты өзгерді. Мен де өзгердім. Тәжірибеге ие болдым. Және басқа адамдарға оларды мазалаған сұрақтарына жауабын табуға көмектесу және өзгерістер жолында шабыт пен қолдауды сыйлау ниетімен тәжірибеммен бөлісуді қаладым.

Осылайша Инстаграмда парақшам пайда болды, мұнда мен, сөздерімнің ұйқастары біртіндеп туындай бастаған мақалаларды жазамын. Жұбайымның көрсеткен қолдауының арқасында кей кездері пайда болатын барлығын тастау қалауына қарамастан, алға жылжуды жалғастырып келемін. Мен өз жолымды таптым деген сезімдемін.

Әріптестерімнің идеясының арқасында, менде өз мақалаларымды «Еуразиялық Топ Хабаршысы» корпоративтік басылымында жариялау мүмкіндігі пайда болды. Және олардың қолдауымен басқа адамдарды да шабыттандыру ниетімен өз оқиғамды осы жерде жазып отырмын.

Менің бақытым – адамдармен өз тәжірибеммен бөлісу, ашық және қабылдауға дайын адамдарды шабыттандыру және қолдау.

Мен үшін бастысы – өзінен ақиқат түйірін тапқаны туралы жарқын куәлайтын адамдардың көздерінен сезім нұрын көру.

Менің қуанышым жанымда ойнаған өлең шумақтарымен туындаған сырлы жасты көру.

 

Бақыт – бұл оп-оңай!

 

Мен бақыт іздедім,

Оған ұзақ жүрдім

Жауын-шашыннан өтіп,

Бірақ бәрі бекер екен.

 

Мен жылдам жүгірдім,

Күшсіз өрмеледім,

Жүректегі үмітсіз,

Қанатымды жинадым.

 

Бір білгенім, бақыт-

Бұл өте оп-оңай,

Бұл өте жақын,

Жұлдыздарға апаратын ракета сияқты!

 

Бақыт – бұл аспан

Қарағай инелері арқылы өтетін!

Бақыт – бұл теңіз,

ӨТЕ жұмсақ!

 

Бақыт-бұл алғашқы

Жасыл жапырақ,

Жұмсақ әрі батылсыз,

Өте ұзақ күткен!

 

Бақыт – қарлы дауылда

Үйдегі терезе алдында

Алақанды жылытатын

Хош иісті шәйда!

 

Бақыт – бұл күн

Таң сәрідегі сәуле,

Немесе күн батар алдындағы

Бір бірінен мықты!

 

Бақыт өте көп!

Тек көрсең болғаны

Бақыт бізді күтіп тұр

Тып-тыныш жүрегімізде!

 

Бақытты болыңыздар! :))