Бейбіш Тоқмурзина

Бейбіш Тоқмурзина


Қала: Ақтөбе

Кәсіпорын: Ақтөбе ферроқорытпа зауыты

4234

Қарттық, керек болған жағдайда

86-жастағы Бейбіш Тоқмурзина Ақтөбе ферроқорытпа зауытына өзінің күйеуінің ізінен жұмысқа келді. Зейнеткерлікке дейін мөлшерлеуші болып еңбек етіп, қазіргі уақытта Бейбіш апа жүрегі қалайтын кәсіпті тапты. Зейнеткер Құдайдың оған күш пен денсаулықты, оның киім тоқып, оларды таратқанынан беріп отыр деген сенімде.

Бейбіт Тоқмурзина Ойылда өскен. 7 сыныпты бітіргеннен кейін ешқайда оқуға бармай ата-анасына үй шаруасымен көмектескен. Бойжеткен ерте тұрмысқа шықты, дәлірек айтсақ, оны Ойылға жұмыс бабымен келген жас жігіт алып қашқан. Жас отбасы Ақтөбеге кетті және үлкен тату отбасы туралы армандады.

- Біз, туыстарымыздың пәтерінде тұрдық. Бірінші баламызды ұзақ күттік. Соня (үлкен қызы) дүниеге келгенде өте бақытты болдық, - деп Бейбіш Тоқмурзина есіне алып отыр. – Кейінірек ұлымыз дүниеге келді. Күйеуім Ідіріс Ақтөбе ферроқорытпа зауытында балқытушы болып еңбек етті, ал балаларымыз өскеннен кейін мен де зауытқа жұмысқа бардым. №2 балқыту цехына металл тазалаушы болып орналастым. Мөлшерлеуші болып жұмыс істеуді қаладым, алайда ол жұмысқа бірден қабылдаған жоқ.

Оның үлкен қызы медицина университетінде екінші курста оқып жүрген кезінде із-түссіз жоғалып кеткен. Үйінен шығып кетіп, осы уақытқа дейін хабар жоқ. Ата-анасы өзінің қызын жан-жақтан іздеген, тіпті «Жди меня» бағдарламасына да жүгініпті, бірақ онымен қандай жағдайдың орын алғанын әлі де білмей отыр.

Кейінірек Бейбіш апа ұлынан да айырылды. Үлкен қайғы! Бірақ ол, қиындықтарға қарамастан, оның үлкен жанұясы болады деп нақты шешім қабылдады. Айтқаны орындалды: ұлының қаза болып, қызының жоғалғанынан кейін, Бейбіш Тоқмурзина өмірге тағы да төрт баласын әкелді.

- Сондықтан көп жұмыс істеуге тура келді, үйде отыру мүмкіндігі болған жоқ. Аула сыпырушысы болып жұмыс істей бастадым, бірақ өте аз төледі – 60 рубль. Жақсырақ жұмыс іздеу керек болды. Мен, тұрақты, жақсы еңбекақысы бар және күйеуіме жақын зауытқа оралдым, - деді Бейбіш апа. – Әсіресе қиын болған сәттерде, әрдайым зауыт маған көмектесіп отырды.

Ақтөбе ферроқорытпа зауытынан Тоқмурзиндер жанұясы пәтер алды. Балалары ер жетті, ата-анасы оларға жоғары білім берді, жұмыс істей бастады. Қазіргі уақытта Бейбіш апа бес немеренің әжесі. Үлкені Назарбаев мектебін тәмамдап Францияда білім алып жатыр, кенжелері де үлкен жетістіктерге ие.

- Енді мен арманыма жеттім, менің барлық балаларым өздері сүйетін істе еңбек етуде. Маған тек өмірге қуану ғана қалды. Мен киім тоқып, оларды мұқтаж адамдарға беруді шештім. Көп тоқимын, өйткені ұнайды. Мұқтаж адамдарға немесе көршілеріме, таныстарыма таратамын. Оларға да, маған да ұнайды. Менің ойымша, ол үшін Алла Тағала маған күш пен денсаулық беріп отыр – дейді Бейбіш апай.

Хикаяны жолдаған: Виктория ЛЯХОВА