Барри Гетлифф

Барри Гетлифф


Кәсіпорын: Coal Mozambique

Қызмет: Операциялық менеджер

1614

Біздің Читимадағы «жәннатты» салғанымыз туралы

Мозамбиялық Тете провинциясындағы Кахорра Басса ауданындағы қоршаған ортаны қорғауды басқару әлжуаздарға арналмаған. Адамдардың «ыстық және құрғақ климаты» туралы айтатын елдің солтүстік-батыс бөлігінде, қараша айында ауа-райының 63 градусқа жеткенінде олардың сөздерінің шындық екеніне көз жеткізесің. Судың жеткіліксіздігі шынайы проблема болып табылады және масалар дүниежүзілік соғыс уақытындағы жойғыштар эскадрильясын алмастырар еді. Сондықтан, «Жәннат біздің читима кешеніне жақындап келеді» дегенімізде, сіз толықтай таң қалуға құқылысыз.

Coal Mozambique-де біз ұлттық желіні қоректейтін электр станция үшін өндірілетін көмір таптық. Үш жыл бұрын, өзіміздің мақсатымызбен баобаба, мопани бұтақтары, сирек кездесетін шөптері, көптеген ешкілері және кішігірім ауылдары бар ауданда лагерді дайындай бастадық.

Лагерді салу алдында учаскені тазарту қажет болды: бульдозерлерді айдап әкелдік және алаңды тегістедік.

Бүгінгі күні лагерь 20 шағын үйден, асханадан, ас үйден, тамақтану және демалуға арналған бөлмелерден, дәлізден, клиникадан, өрт сөндіру бөлімінен және бақшадан құралады. Өнеркәсіптік аймақ өзіне тікұшақ алаңын, ұшақжайды, шеберханаларды, дүкенді, кеңселік блокты және қарауыл тұратын үйді қамтиды.

Үш жылдан аса біз командамен бірге ауыспалы сәттілікпен «жәннатты» құрдық. Барлығы бағбаншылықпен шұғылдану әрекетінен басталды. Сондай-ақ мұнда тоған қазылып, балықтар да шығарылды.

Осыдан кейін осы учаскені қаздық және жапондық тастар бақшасын құрдық.

Осыдан кейін 3 мыңға жуық ағаш отырғызып, барлығы жақсырақ көріне бастады! Келесі қадам – шыбындар, масалар мен басқа да жәндіктерге арналған уды шашуды тоқтаттық, электрондық шыбын өлтіргіштерді алып тастадық. Сондай-ақ бәкене шыбындардың көбеюін тоқтату үшін барлық шалшықтарды көміп тастадық.

Тағы да біршама ойластырып, үкілерге арналған қаумалды орнатуды шештік. О ғажап! Біздің алғашқы 11 балапанымыз дүниеге келді.

Осыдан кейін беймаза шыбын-шіркейлермен қоректенетін мысыр тауықтарын әкелдік. Ал кеңесші-энтомолог болса үйректерді сатып алуға кеңес берді: олар бәкене шыбындардың құрттарын жейді.

Біз сондай-ақ лимон, апельсин, гуава, манго, папайя және жөке ағаштарын ектік.

Бұл ағаштар өсті және шамамен үш метрлік биіктікке жетеді. Үкілер мен мысыр тауықтар тез көбеюде, бәкене шыбындар мүлдем жойылды, пиязымыз жақсы өсіп келеді, қарбыздар да климатқа бейімделді.

Өз қолымызбен құрған жәннатымызға қарап Франция императоры Наполеон Бонапарттың өмірінен алынған бір оқиғаны еске алдым. Бір күні ол өзінің адъютантына былай деді: «Менің адамдарым көлеңкеде демалуы керек. Ағаштарды отырғызыңдар». Адъютант болса «Генерал, олардың өсуі үшін 10 жыл керек» деп жауап берді. Сонда Наполеон оған былай деді: «Олай болса асығыңдар, бір минутты да жоғалтуға болмайды».