Аркадий Губарев

Аркадий Губарев


Кәсіпорын: «Еуразиялық Топ» ЖШС

Қызмет: Әлеуметтік жобалар бойынша департамент маманы

4150

Барлық кедергілер біздің басымызда

Мүгедектер арбасын тастамай, қолды төмен түсірмей өз армандарыңды қалай жүзеге асыруға болады? Аркадий Губарев өзінің мысалымен, ең бастысы сеніммен кез келген нәрсеге қол жеткізуге болатынын көрсетіп отыр.

Туылғаннан бастап Аркадийге балалар милық салдануы диагнозы қойылды. Мектептік білімін ол үйінде алды. Аркадий үйіндегі үлкен бала, барлық жағынан, сонымен қоса екі інісі мен екі қарындасын тәрбиелеуде ата-анасына көмектесуге тырысады. Үйде компьютер пайда болғанда – көпшілік сияқты ойындармен емес, баптауларды бөліп шашу, бағдарламаларды зерттеумен әуестенді. Бұл оның болашақ мамандығын таңдауын анықтады. 9 сыныпты тәмамдағаннан кейін қашықтықтан білім алуға колледжге техник-бағдарламашы мамандығына түсті. Барлығы өз кезегімен болды, оқыды, болашақ жұмысы туралы ойлады, бір сәтте оны жүгіруге шақырды.

–Маған Мүгедектер федерациясынан қоңырау шалып: «Астана-марафонында жүгіруді қалайсың ба?» деп сұрағаны есімде және менің жауабым үнсіздік болды – деп еске алды Аркадий. – Бірақ кейінірек бел буып көруді шештім. Таңғы сағат 5-те жаттығуға танымал ультрамарафоншы Марат Жыланбаевқа келдім. Алдымен ол бізге теорияны түсіндірді, ал одан кейін 100 метр жүгіруді ұсынды. Және бұл қашықтықты мен өрмелеп өттім десем де болады, барлық жерім ауырды, жүрегім қатты соғып, тілім байланғандай болды. Және Марат, маған қарап менен жүгіруші шықпайды деген пікірін айтты, алайда келесі жаттығуға шақырды.

Барлығын дұрыстап ойлап, Аркадий мұқият дайындықты бастады, жаттығуда барын салды, ауыр және қиын болған сәтте жеңілген жоқ. Басында бапкерінің сөздері естілді: «Сенің қолыңнан келеді!». Және менің қолынан келді! 2017 жылғы тамызда Аркадий 10 км қашықтыққа жүгіруде мәре сызығын кесіп өтті!

– Әрине, мен өзімнің Федерациядағы таныстарыма, бұның қиын болатынын түсіндіріп бірге жүгіруді ұсындым, бірақ олар маған сенген жоқ. Үшеуін мен көндірдім, - деп кейіпкеріміз мақтанышпен айтып өтті. – Үйдегілер менің әуестігіме алдымен скептикалық тұрғыдан қарады, алайда нәтижесін көріп өте қуанды. Және тіпті қосылуға да уәде беріп отыр.

Жүгіру Аркадийге оның әуестенген ісіне қосылатын және оның бастамаларын қолдайтын көптеген достарын табуға көмектесті. Ал бұл, әсіресе көп жылдар бойы үйде отырған болсаң өте бағалы. Аркадийдің үлкен нәтижелерінен кейін бұдан кейін тоқтау мүмкін болған жоқ. Ол жаттығуға тұрақты барып тұрды, аптасына үштен жеті ретке дейін шұғылданды. Жаңа жеңістерге дайындалды. Жеңістерге де қол жеткізілді! Бұл Алматыдағы (көбісі трассаның бедерлерімен ерекшеленетінін біледі), Қарағандыдағы жүгіріс, қашықтықты жартылай марафонға дейін – 21 км-ге ұлғайту, қыстың аязды күндеріндегі жүгіріс. Оның есебінде 13 марафон! Тіпті бимен шұғылданып та көрді, бірақ жаттығуларға үлгермеуі себебінен, оны қалдырды.

–Бір күні жаттығуда менің қасыма Олжас Оразбаев келіп («Еуразиялық Топ» ЖШС Спорт және СӨС орталығының директоры), маған Топта жұмыс істеуді ұсынды. Сол уақытта мен колледждегі оқуды тәмамдап, өзімнің жұмысқа орналасуым жайлы қатты алаңдаған едім. Күтпеген жерден осындай ұсыныс, - дейді Аркадий.

Мінекей шамамен бір жарым жыл бойы Аркадий Губарев ERG қызметкері болып келеді. Алдымен ұжымдағы жұмысқа, міндеттерге бейімделу, барлық талаптарға жауап беру оңай болған жоқ. Бірақ шыдамдылық пен қажырлы еңбек барлығын жеңеді, бұны Аркадий жақсы біледі. Қазіргі уақытта ол персонал жөніндегі Блокта әлеуметтік мәселелермен шұғылданады. Бірнеше жобаларды дайындауда. Айтпақшы, оның бірінің бастамашысы болды: Strava жүгіруге арналған ұялы қосымшада, жүгірумен шұғылданатын ERG қызметкерлерін бірігуге шақырды. Бұл халықаралық қоғамдастық, мұнда өзіңнің жүгіріп өткен шақырымыңды есептеуге болады. Жыл соңында Еуразиялық Топ басшылығы әрбір шақырымды 1 центке айналдырады және түскен қаражаттар мұқтаждарды қолдауға жұмсалады.

«Арбада отырған адамдарға нені тілер едің?» деген сұраққа, ол былай деп жауап берді:

–Есікті ашыңыз! Барлық кедергілер біздің басымызда, алғашқы қадамды жасаңыз, қалғандарын жеңуге болады! Жүгірудің арқасында менің мінезім шыңдалды, еркіндік пайда болды. Енді мен бөтеннің көмегінсіз автобус аялдамасына дейін жетіп, маған қажетті бағытқа қарай жол жүре аламын. Ал бұл өте құнды.

Аркадий өте ақкөңіл және тіл табысқыш жігіт, бос уақытында Денис Майданов репертуарындағы әндерді шырқауды ұнатады. Жаттығуға тұрақты қатысады, жүзумен шұғылданады, денсаулығын нығайтады. Толық марафонды (42,2 км), Ironman және үстелдік теннис ойындарын игеру бойынша жоспарлары бар. Бұл оның үлкен тарихының басы ғана.

Хикаяны жолдаған: Гүлбаршын АХАНОВА