Алексей Васин
Кәсіпорын: Ақтөбе ферроқорытпа зауыты
Қызмет: Конвейер машинисті
2030
Алексей көмек беруге асығады.
Ақтөбе ферроқорытпа зауыты қож өңдеу цехының Брэкстерін өндіру учаскесінің конвейері машинисті Алексей Васиннің телефоны көмек көрсетуді өтінген қоңыраулардан дамылдар емес – біреудің мысығын жайғастыру, ал біреудің өмірін құтқару керек. Күлімсіреген 22 жасар жігіттің өмірі оқиғаға толы. Жас жігіт кіші сержант атағын алып, жеті рет парашютпен секіріп, үй алып үлгерді, зауытқа жұмысқа орналасты. Ол балалардың ағаштан қасық оюшылар үйірмесінде сабақ берді, бірнеше би топтарына қатысты, аспазшы болып жұмыс істеді және «қара металлургияға» түсті.
Енді әріптестері атағандай, Леша - от туралы тек зауытта ғана емес, бүкіл әлем бойынша да біледі. Қазір зауыттық еріктіге Германия, Литва, Беларуссиядан қоңырау шалады: адамдар оның белсенді болуына таңданады және оның ісіне көмектерін ұсынады.
Ақтөбе зауытының еріктілері атасын өрттен құтқара отырып, зардап шеккен жас жігіт Артемнің батырлығы туралы естіп білген кезден бәрі басталды. Бала ішінде қарт ер адам болған жанып жатқан гаражға кіріп, оны өрттен алып шықты, бірақ өзі қатты зардап шекті. Артемнің онсыз да жағдайы мәз емес тек анасы ғана бар, енді қолында бүкіл денесінде күйік шалған ұлы бар.
Алексей бұл оқиғаға бей- жай қарай алмады, зауыт еріктілерімен бірге кішігірім сома жинады. Бұл ақша тек алғашқы емге жететінін түсіндім, және бұл отбасын қалдырмауға шешім қабылдадым.
- Мен өзімді Артемның орнына қойдым. Мен де осы гаражға ұшып кіріп, содан кейін ешкімге қажет болмай, жатар едім. Жоқ! Мен жергілікті БАҚ-қа жүгініп, жалғыз басты ананың қолында ауыр жағдайда қалған батыр туралы айтып бердім. Бұл туралы тек Қазақстанда ғана білмеді, бүкіл әлемнен қоңырау шалып, Артемге ақша аудара бастады. Біз оған бір жарым миллион жинадық. Оған ота жасалды және дәрігерлер айтқандай, ол сауығып келеді.
Балалар өзара кезекшілік орнатты, жұмыстан бос уақытында өзінің жаңа досына барады, оны тамақтандырады, жұмыс туралы, Жастар Кеңесі туралы, зауытта қалай қызықты екені туралы айтып береді.
Лешаның ақ көңілділігі жайлы кәсіпорынның барлық жастары біледі. Егер үйсіз мысық немесе итті жайғастыру керек болса-бұл Лешаға, адамға да көмектесу керек болса- Лешаға, акция немесе қандай да бір челлендж өткізу керек болса – Лешаны шақыру керек!
- Үйде екі ит пен 5 мысығым бар. Бір мысық алып едім, ол бізге тағы төртеуін әкелді. Әйелім екеуміз таратамыз деп ойлап едік, бірақ олар бізде тұрып үйреніп қалды, - дейді Алексей. – Оларды қимаймын. Сатушылар біліп алған, кірсем болды, маған мысықтарға азық береді. Жол бойында, үйге жеткенше, жартысын көшедегілерге таратып беремін.
Өзінің 22 жасында Алексейдің айтары бар. Отбасындағы бесінші ұлы. Леша 15 жасқа болғанда, әкесінен айрылып қалды. Сол кезде бір ойлар келіп, енді «сұр тышқан» болып отырғысы келмеді.
- Әкем суретші болған, менің қиял- елесімді дамытуды үйреткен. Маған басқаларына көрінбейтін суреттер салды, ал мен олардан адамдарды, композицияларды табатынмын. Ол менің қиялымды дамыта алды,- дейді Леша.
Әсерлі Алексей үнемі өзіне ұнайтын нәрсені көруге тырысады. Жас аспазшы тез қызықты тағам дайындаған, аспаздық бағдарламаны қарады – аспаз болуға оқуға түсті, тіпті біраз уақыт жұмыс істеді. Онда жастар әдемі билеп, қалың жұртшылықтың алдында өнер көрсететін бір фильм көріп еді, - биге жазылады. Бірден бірнеше топқа барды, көп өнер көрсетті. Леш барған Достық үйінде оны бәрі білетін, балалардың ағаштан қасық оюшылар тобының жетекшісі болуды ұсынды. Ол бас тартқан жоқ:
- Иә, мен ешқашан маған ұсынғаннан бас тартпаймын. Балаларды маған ата – аналары сеніп тапсырған, әрине- сапардан келген кезде, бізде тіпті бір шұлығы да жоғалмады. Барлығында тәртіп. Әрдайым осылай болды, әсіресе әскери қызметке барған кезде. Мені шақырған жоқ, ал мен ЖҚҚ қызметін атқарғым келді. Анам менің қызметіме қарсы емеспін деген, бірнеше қолхат жазды. Әскерде кіші лейтенант атағын алдым, командирлер мені құрметтеді, маған парашютпен жиі секіруге мүмкіндік берді. Мен жеті рет секірдім - бұл өте жақсы.
Қазір Леша-от зауыттағы жұмыстың оған қуанышты екенін мойындайды. Ал жас жігіт зауыт жастарының Кеңесіне кіргеннен кейін оның өмірі одан да жарқын бола түсті. Мұнда ол қолынан келетін дүниесіне мақұлдау және қолдау тапты.
- Брекс өндірісі бойынша учаскеде соншалықты шығармашылық жағдай еместігіне қарамастан, онда ойлануға уақыт бар. Өз жұмысыңды жасайсың, ал өзің ойша жаңа нәрсе ойлап табасың, - деп күлімсірейді Алексей Васин.
Хикаяны жолдаған: Виктория ЛЯХОВА