Айгүл Жұмағалиева

Айгүл Жұмағалиева


Кәсіпорын: Ақтөбе ферроқорытпалар зауыты

Қызмет: Өлшеу құралдарын өңдеу және тексеру зертханасының бастығы

1583

Сомын кілтті музыкалық кілтке

Ақтөбе ферроқорытпалар зауытының Өлшеу құралдарын өңдеу және тексеру зертханасының бастығы музыка адамды кез-келген нәрседен – шаршағандықтан да, жаман көңіл-күйден де құтқара алады. Есептеу аспаптарымен жұмыс істей жүріп, музыкалық аспапта ойану тіпті ең өндірістік өндірушіге де кедергі келтіре алмайды деп есептейді музыкант.

Автоматтандыру факультетін үздік бітіріп, Айгүл Ақтөбе зауытына жұмысқа орналасты. Қыз автоматтандыру құралдарына қызмет көрсету бойынша бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы баптаушыдан бастаған. Бірақ бірнеше жылдан кейін маман өзін жақсы жағынан көрсете білді және оны өндірісті автоматтандыру және байланыс цехы зертханасының бастығы етіп тағайындады.

– Мен алдыма автоматтандыру саласында кәсіби инженер және жоғары білікті маман болу деген мақсат қойдым. Сондықтан жұмыс ерлерге арнаған болса да, одан ешқашан бас тартпадым. Мен де олар сияқты ақаулар мен апаттарды жойып, өзіммен бірге құралдардың толық арсеналын (сомын кілттен бастап дәнекерлеуішке дейін) алып жүрдім, - дейді Айгүл Жұмағалиева. – Ал жұмыстан кейін үйге келгенде, сомын кілтті музыкалық кілтке ауыстырып жүрдім – аспаптарда ойнадым.

Жоқ, қателеспедік, бір ғана аспапта емес, бірнеше аспаптарда ойнайды. Айгүл ұрмалы да, ішекті де аспаптарда ойнай алады. Бар жаныңды саалып ойнасаң, әуенің де әдемі шығады деп санайды Айгүл.

- Мен 6 жаста болғанда, анам екеуіміз музыкалық мектептің қасынан өтіп бара жаттық. Сол кезде, мен алғашқы рет өзімді сұқтандырған фортепиано дауысын естідім. Сол күні анамды мені сол мектепке беруді сұрадым. Бірақ музыкалық мектепте мені скрипкаға жіберді. Музыкалық мектепті аяқтағаннан кейін, мен аспапта өте сирек ойнадым. Музыкаға деген махаббат балам туғаннан кейін қайта оянды, сол кезде оның бойында музыкалық қабілеттерді дамытып, өнер жолына салғым келді, - дейді Айгүл.

Сүйтіп, Айгүлдің үйінде синтезатор, қоңыраулар, флейтаның бірнеше түрі, перкуссия жинақтары, жетіген және көптеген басқа аспаптар пайда болды. Кейін, үйдегі музыкалық аспаптар көбейіп кеткен кезде, Айгүл музыкалық аспаптардың көрмесін жасау керек деп шешті. Бірнеше айдың ішінде музыкант ниеттестерін тауып, оларға балаларды музыкалық негіздермен таныстыру үшін балабақшаларда концерт беруді ұсынды. Айгүл балаларды музыканы жақсы көруді үйретуге мақсат қойды. Оның балалық шағындағыдай ол фортепиано ойнағысы келіп, оны скрипкаға жібергендей болмауы үшін. Әйел баланы музыкалық аспаппен «дұрыс таныстырған» өте маңызды деп есептейді. Сәл кейінірек, Айгүл шағын музыкалық студия ашады, онда балалар жиі келіп, музыкалық аспаптармен танысып, оның әдемі әуенін тыңдай алады.

Айгүл музыканы табыс табу құралдарына айналдырмайтынын айтты. Бұл сүйікті ісі, ең алдымен, жанына рақат сыйлауы тиіс. Осылайша, мысалы, Айгүлдің әріптесі және де ендігі оның музыкадан досы Рахим Гулиев (өндірісті авоматтандыру және байланыс цехының слесірі) қолына «Конго» барабанын алып, өз бастығымен бірге өте қызықты музыканы ойнайды! Мұндай ӨАжБЦ-дағы музкалық тандем басшылықтың да наарына түсті. Қазір олар компанияның 25-жылдығына арналған ERG дарындар мюзиклына қатысуға өтінім берді.

Хикаяны жолдаған: Виктория ЛЯХОВА