Жоба жайлы

Жоба жайлы

ERG НАҒЫЗ ХИКАЯЛАРЫ

Біз Еуразиялық топта қандай керемет адамдар жұмыс істейтінін білеміз. Бүкіл әлемде 75 мыңнан астам адам бар. Әрқайсысы ерекше. Әрқайсысының айтатын хикаясы бар.

25 жыл бойы ортақ тарихымызды жаздық. Бұл қарапайым адамдардың хикаяларынан қалыптасты. Қарапайым, бірақ ерекше. Өз ісіне берілген, өз жұмысын сүйетін. Дарынды. Батыл. Әрқашан көмектесуге дайын. Жақсы болуға және қоршаған әлемді өзгертуге ұмтылатын адамдар.

Біз осындай адамдармен бір команда болуды мақтан тұтамыз және әр қайсыңыз туралы бүкіл ел білгенін қалаймыз! Сондықтан, Еуразиялық Топ біздің 25-жылдығымызға орай, «ERG нағыз хикаялары» жобасын іске қосады. Біз дәл сіздің бірегей хикаяңызды күтеміз!

КОНКУРС ЕРЕЖЕСІН ЖҮКТЕУ

БҰЛ ҮШІН НЕ ҚАЖЕТ?

  • Өзіңіз немесе әріптесіңіз туралы хикаяңызды орыс, қазақ немесе ағылшын тілінде жазыңыз
  • Хикая қызықты хобби, ерекше талант, игі іс немесе жеке жетістік туралы болуы керек
  • Хаттың көлемі: А4 форматындағы бір баспа беттен аспауы тиіс
  • Хикаяны және кейіпкердің жақсы сападағы суретін мына мекенжайлардың кез келгеніне жіберіңіз:

Aliya.Demeisenova@erg.kz

Gulmira.Mathalikova@erg.kz

press@erg.kz

  • немесе сайттағы арнайы форманы қолданыңыз.
  • Хикаялар 2019 жылғы 31 тамызға дейін қабылданады.

Біз барлық хикаяларды мұнда, 25erg.kz арнайы сайтында жинаймыз, және Сіз туралы Қазақстан, Ресей, Бразилия, Африка елдері және Еуропадағы ERG кәсіпорындарындағы әріптестеріңіз білетін болады! Сондай-ақ, ең жақсы әңгімелер «ERG Хабаршысы» корпоративтік газетінің арнайы бөлімінде және әлеуметтік желілердегі Топтың ресми аккаунтарында жарияланатын болады.

СЕНІҢ ХИКАЯҢДЫ
ӨЗГЕЛЕР ДЕ ЕСТІСІН!

СЕНІҢ ХИКАЯҢДЫ
ӨЗГЕЛЕР ДЕ ЕСТІСІН!

Қатысу